Жарияланды: 380

Мәскеуде Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастығы интеграциялық комитетінің жанындағы үкіметаралық жұмыс тобының отырысы басталды

Бүгін, 28-шілдеде Мәскеуде Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастығы (ЕурАзЭҚ) интеграциялық комитетінің жанындағы үкіметаралық жұмыс тобының екі күндік отырысы басталды,- деп хабарлайды халықаралық ұйымның баспасөз қызметінен.

Отырыста өзара сауда-саттықта демпингге қарсы немесе компенсациялық арнаулы қорғау шаралары қолданылмаған жағдайда Қоғамдастыққа мүше мелмекеттердің ішкі рыноктарын қорғау механизмінің жұмыс істеу мәселелері сарапқа салынбақшы. Сондай-ақ, отырысқа қатысушылар ЕурАзЭҚ аясында ортақ кедендік тариф қалыптастыру барысы, ЕурАзЭҚ-ын 2003-2006-жылдарда дамытуға арналған басым бағыттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу, осы құжатта алға қойған мақсаттарды жүзеге асыру шаралары туралы өзара пікір алмасады. Отырысқа Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастығының бас хатшысы Григорий Рапота қатысады. Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастығына Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан мемлекеттері мүше. Ал Армения, Молдова және Украина республикалары бақылаушы мәртебесіне ие.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть