Мәскеуде ЕврАзЭҚ аясында кезекті жиналыс өтеді - ҚР СІМ - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәскеуде ЕврАзЭҚ аясында кезекті жиналыс өтеді - ҚР СІМ

Мәскеуде ЕврАзЭҚ аясында кезекті жиналыс өтеді - ҚР СІМ

Астана. 12-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Мәскеу қаласында 13-қараша күні Евразиялық экономикалық қоғамдастықтың Ықпалдасу комитетінің мүшелерінің кезекті отырысы өтеді, - деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасай отырып.

  • 12 Қараша 2007
  • 509
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы сенбі күні өткен дәстүрлі брифинг барысында Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ілияс Омаров мәлімдеді.

Ілияс Омаров атап көрсеткендей, Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының өкілдері «Кедендік одақ құру мәселесі бойынша» кездеседі.

«Жиналыс барысында Кедендік одақтың келісімдік-құқықтық негізін жасау мәселесі талқыланатын болады», — деп хабарлады Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің өкілі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті