Мәскеуде KazSat спутнигінің жұмысындағы ақау себептерін анықтайтын жедел топ өз жұмысын бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәскеуде KazSat спутнигінің жұмысындағы ақау себептерін анықтайтын жедел топ өз жұмысын бастады

Мәскеуде KazSat спутнигінің жұмысындағы ақау себептерін анықтайтын жедел топ өз жұмысын бастады

Алматы. 11-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Мәскеуде қазақстандық KazSat спутнигінің жұмысындағы ақау себептерін анықтайтын арнайы құрылған жедел топ жұмыстарына кірісіп кетті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасай отырып.

  • 11 Қаңтар 2008
  • 469
Фото - Caravan.kz

«Жақында қазақстандық тұңғыш және әзірге жалғыз ғарыш аппаратының басқару жүйесінде ақау шықты. Спутниктің қайта тарату кешені 10 сағаттан астам уақыт жұмыс істемеді; бірқатар мемлекеттік және жеке меншіктегі телеарналардың таратылуы үзілді; спутник қуатын пайдаланатын провайдерлер қызметі тоқтап қалды», — деп еске салады «КТК».

Телеарна мәліметтеріне сүйенсек, оқиғаны тексеру ісіне тікелей спутникті жасаушылар мен В. Хруничев атындағы Ресей ғарыш орталығының техникалық қызметкерлері қатысуда.

«КТК» хабарлауынша, алдын ала мәліметтер бойынша ақау күннің белсенділігі себебінен болуы мүмкін. Алайда, әзірге нақты ресми мәліметтер жоқ.

Бұған қоса Қазақстан Республикасының республикалық ғарыштық байланыстар орталығында «КТК» тілшісін бұл оқиғаға адамның қатысы болуы мүмкін емес деп сендірген. Штаттан тыс жағдайдың орын алу себебі тек қана техникалық себептен — компьютер бағдарламасының ақаулығынан болды. Сонымен қатар, мекеме қызметі ғарыш аппаратында болған ақауларға байланысты бұзылған барлық мекемелердің шеккен шығынын төлеп беруге дайын екенін «КТК» телеарнасы атап көрсеткен.

«КТК» қазақстан спутнигінің бір жарым жылдан астам уақыт жасаған қызметінде болған алғашқы штаттан тыс жағдай екенін еске салған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті