Мәскеуде көз жұмған Томирис Байсафаның анасы дағыстандық жігіттің дипломды қызының арқасында алғанын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәскеуде көз жұмған Томирис Байсафаның анасы дағыстандық жігіттің дипломды қызының арқасында алғанын айтты

Мәскеуде көз жұмған Томирис Байсафаның анасы дағыстандық жігіттің дипломды қызының арқасында алғанын айтты

Мәскеуде институт ғимаратының терезесінен құлап көз жұмған Томирис Байсафаның анасы мәлімдеме жасады.

  • 18 Маусым 2018
  • 231
Фото - Caravan.kz

Жанна Ахметованың айтуынша, Томиристің өліміне кінәлі болуы мүмкін деп күдіктелген дағыстандық Муртузали Меджидов таяда дипломдық жұмысын қорғаған. Жақында қолыңа дипломыңды аласың, ал ол менің қызымның еңбегі, дейді ол, деп жазады Stan.kz.

Ораза айттың алғашқы күні Томирис Байсафаның қайтыс болғанына қырық күн болды. Дәл осы күні марқұм Мәскеу институтында дипломдық жұмысын қорғауы керек болыпты.

«Ораза айт, қызымның қайтыс болғанына 40 күн, оның дипломын қорғайтын күні. Тек Томирис қана барлығын қасиетті күндері жасай алатын еді. Бәлкім, бұл оның осы өмірінің, ана дүниедегі өмірінің нәтижесі болар… Не істеймін? Өзім де білмеймін. Бұл күннің ешқашан болмағанын қалап едім. Себебі солай оны жақын, жанымда жүргендей сезініп ем… Алайда уақыт сырғып өтіп жатыр», – деп жазды Ахметова Instagram-парақшасында.

Марқұмның анасы 15 маусымда Муртузали Меджидов дипломдық жұмысын қорғағанын айтты. Айтуынша, оның оқудағы үлгеріміне Томиристің еңбегі көп сіңген екен. Тіпті, ол үшін конспект жазып, дәрістерін жіберіп отырған.

«Мен Меджидовтар отбасы туралы айтқым келеді. Олар мені оқиды, қазақстандық БАҚ-тарды бақылап отырады. Менің бұл сөздерімді қағазға басып шығарып, қабырғаға іліп қойыңыздар.

Сен, Меджидов Муртузали, маусымның 15-інде дипломдық жұмысыңды қорғадың. Бірер күннен кейін қолыңа диплом аласың. Бірақ сен қараңғыда өзіңмен-өзің қалғанда, мұның Томиристің еңбегі екенін түсінесің ғой. Егер ол сені сүйреп жүрмесе, мәжбүрлемесе, ұрысып, ынталандырып, тәрбиелеп, сен үшін конспект жазып, дәрістерді жіберіп отырмағанда, сен диплом алмайтын едің. Ол сені уайымдайтын еді. Сен дипломыңды менің қызымның арқасында алып отырсың. Бұл жай ғана сөз емес… Оны өзің де білесің…

Меджидов Муртузали мен сені аяймын. Қарапайым ғана арифметика, аудиторияға екі адам кіреді, біреуі тірі, ал екіншісі тірілер қатарында жоқ. Сенің кінәлі болмауың мүмкін бе? Тергеу нәтижесі қандай болса да. Мен тергеуді нәтижесін айтып отырғаным жоқ», – дейді марқұмның анасы.


Сондай-ақ, Жанна Ахметова Меджидовтар отбасын жіберетінін айтты.

«Бойы 158 сантиметр, салмағы 45 келі болатын кішкентай қыз сенен 500 миллиард есе күштірек. Күл, ғашық бол, балалы бол, менің Томпиым армандаған дипломыңды ал, ол түскісі келген магистратураға тапсыр. Өзің қалағандай өмір сүр. Сен оның ауасын ұрладың.  Мен сенің сезімсіз, аяушылығы жоқ отбасыңды жіберемін. Мұнымен өмір сүретін өздерің», – деп жазды Жанна Ахметова.

Оқи отырыңыз:

Шымкентте Орта Азиядағы ең үлкен су қалашығы ашылды

Жұлдызнама — 18-24 маусым

Қазақстанда үй сату мен сатып алу жиілей бастады
 

 

 

Соңғы жаңалықтар