Жарияланды: 550

Мәскеуде ТМД елдерінің ұлттық БАҚ-тарының III форумы ашылды

Мәскеу. 2 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Мәскеуде ТМД елдерінің ұлттық БАҚ-тарының III форумы ашылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ТМД-ға қатысушы елдердің мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 1 желтоқсан, дүйсенбіде Мәскеуде ТМД елдерінің ұлттық БАҚ-тарының III форумы ашылды. Оған "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының БАҚ-тары мен гуманитарлық әлеуеті" тақырыбы арқау болған. III форумның бағдарламасында "Посткеңестік кеңістік: өзгермелі әлемдегі тұрақты ақпараттық серіктестік. Гуманитарлық аспект" тақырыбында жалпы отырыс пен баспа БАҚ-тар, радио және телевидение, ақпараттық агенттіктер мен интернет-басылымдар тақырыбындағы секциялық жұмыстар, дөңгелек үстелдер, ашық пікір алмасатын пікірсайыстар, Мәскеу мен ТМД елдерін қосатын бейнекөпірлер өткізу жоспарланған. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін