Жарияланды: 460

Мәскеуге келген шетелдіктердің арасындағы ең момақаны - Түрікменстан азаматтары көрінеді

Мәскеу қалалық ІІБ-ның деректеріне сүйенсек, Ресей астанасына келген шетелдік қонақтардың арасындағы ең момақаны Түрікменстан азаматтары көрінеді. Бұл туралы шетелдіктер тарпынан Мәскеуде жасалған қылмыстар туралы "Известия" газетінде жарияланған ақпарға сілтеме жасай отырып turkmenistan.ru тілшісі хабарлайды.

Мәліметке сәйкес, ТМД елдерінен Мәскеуге келген шетелдік қонақтардың арасында Түрікменстан азаматтары заң талаптарын ең аз бұзғандар санатына кіріпті. Мәселен, үстіміздегі жылдың 5 айында Түрікменстандықтар Мәскеуде небәрі 38 қылмыс жасаған. Ал Қазақстандық азаматтардың үлесіне барлығы 74 қылмыс келсе, Қырғызстан азаматтары - 95, Армениялықтар - 351, Өзбекстан азаматтары - 551, Грузия азаматары - 614 , Тәжікстандықтар - 788, Молдовалықтар -1116 қылмыспен тізімге енді. Мәскеудегіі Түрікмен мәдениеті қоғамының төрағасы Оразгылыч Оразмамедовтың айтуынша, Мәскеуге келген Түрікменстандықтардың заңға мойынсұрғыштық қасиеті олардың табиғатынан бейбітшілік сүйгіштік қасиетімен тікелей байланысты болса керек. Әрі олардың құқықтық тәрбиелілік деңгейі де жоғары .

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть