«Біздің мақсат- заң талаптарына қатаң бағына отырып әділетті әрі әділ сайлау өткізу болып табылады»,- деді ол. Осыған байланысты Орталық сайлау комиссиясының төрайымы семинар-кеңеске қатысушыларды «қазіргі қолданыстағы сайлау заңына қатысты айтылып жүрген дабыра сындарға мән бермеуді» сұрады. З.Балиеваның пікірінше бұл — саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер мен жекелеген кандидаттар тарапынан қолданылып отырған саяси технологиялардың көрінісі болып табылады.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, мәслихат депутаттарының сайлауы 2003-жылдың 20-қыркүйегінде өтеді. З.Балиеваның айтуынша, сайлау барысында заңдылықты сақтау үшін Орталық сайлау комиссиясының мүшелері аймақ-өңірлерде жұмыс істейтін болады. Орталық сайлау комиссиясына мәслихат сайлауларына дайындық жұмыстарына қатысты арыз-шағымдар қазірдің өзінде келіп түсе бастаған.
З.Балиеваның хабарлауынша, орталық сайлау комиссиясының мүшелері сайлауға дайындық және оны өткізуге қатысты дәл осы тәріздес «ыңғайсыз мәселелерді» шешуге өзіндік ықпалын тигізетін болады.