Мәслихат депутаты 200 мың доллар пара алды деген күдікке ілінді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәслихат депутаты 200 мың доллар пара алды деген күдікке ілінді

Мәслихат депутаты 200 мың доллар пара алды деген күдікке ілінді

Алматы облысында Талғар аудандық мәслихатының депутаты 200 мың доллар пара алды деген күдікпен ұсталды. Ол көк қағаздарды шытырлатып санап жатқан кезінде жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро қызметкерлері кіріп келген. 

  • 4 Мамыр 2019
  • 34
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды

Сөйтсе, әзірге аты-жөні аталмай отырған депутат аудандық жер комиссиясының мүшесі екен. Халық қалаулысы жергілікті азаматқа 12 гектар жерді басқа мақсатта пайдалануға шешім шығарып беруге уәде еткен көрінеді. Тергеу мәліметтеріне қарағанда, бұл делдалдығы үшін 200 мың доллар сұраған. Сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан облысының «Қызылжар орман шаруашылығы» мекемесінің директоры 1 миллион 200 мың теңге пара алды деп шатылып жатыр. Ол тұрғындарға ауысбастырық үшін ағаш кесуге рұқсат берген. Бұдан бөлек Ақмола облысының қос бірдей шенеунігі кәсіпкерге субсидия алуға көмектесеміз деп ақша дәметкен.

Бауыржан Балғабеков, ҚР МҚІСЖІА Тергеу департаменті бастығының орынбасары:


— Облыс ауыл шарушашылығы ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасарына осы басқарманың еңбекшілік астық нарығын реттеу бөлімінің басшысына жеке басқа да тұлғаларға сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Олар мемелкеттік бағдарлама шеңберінде субсидия өтінімдері мен нәтижелер алу үшін ЖС өкілдерімен алдын ала сөз байланысу арқылы 500 мың теңге сомасында пара алды деп күдікті деп танылуда.
 

Соңғы жаңалықтар