Жарияланды: 340

Мәслихаттар сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыруға кірісті

"Сайлау туралы" заң талаптарына сәйкес республикамыздағы мәслихаттар сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыруға кірісті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР орталық сайлау комиссиясынан хабарлады.

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес бұдан былай аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларын саяси партиялардың ұсынысы бойынша мәслихаттар сайлайды. ҚР орталық сайлау комиссиясының түсініктемесіне жүгінсек, әрбір саяси партия, қоғамдық бірлестік пен құрылымдық бөлімдер тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатурадан ұсынуға құқылы. Бірақ кандидатурасы ұсынылған адам аталмыш саяси партияның немесе қоғамдық бірлестіктің мүшесі болуға тиіс емес, делінген түсініктемеде. Комиссияларды құруда бірінші кезекте саяси партиялардың ұсыныстары ескеріледі, ал ондай ұсыныс болмаған жағдайда басқа да қоғамдық бірлестіктер мен жоғары сатылы сайлау комиссиясының ұсыныстары қабылданады. Ал саяси партиялардан тиісті сайлау комиссиясына сайлануы тиіс адамдар санынан артық ұсыныс түскен күнде жұмыс тобы мәслихат отырысына рейтингтік дауыс беру туралы ұсыныс жасайды. Дауыс беру қорытындысын мәслихат сессиясында дауыс санау комиссиясының төрағасы жариялайды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін