"Масқара! Қанаттың қашқаны ұят болды": Көпшілік Қанат Исламның жеңісін қатаң сынға алды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Масқара! Қанаттың қашқаны ұят болды": Көпшілік Қанат Исламның жеңісін қатаң сынға алды

"Масқара! Қанаттың қашқаны ұят болды": Көпшілік Қанат Исламның жеңісін қатаң сынға алды

Қазақстандық жанкүйерлер Қанат Исламның WBO International чемпионы атағы үшін Уолтер Уолтер Каутондоквамен жекпе-жегінде таза жеңілгенін айтуда.

  • 28 Қазан 2019
  • 121
Фото - Caravan.kz

Боксқа куә болғандар өз пікірлерін әлеуметтік желілерде қарша боратуда, деп жазды Caravan.kz медиа-порталы.

Қанат Ислам мен 34 жастағы Уолтер Каутондоква арасындағы жекпе-жек жексенбі күні өтті. Көпшілік асыға күткен жекпе-жек әуелгіде 12 раунд деп жоспарланса, кейін 10 раундқа өзгертілді. Алғашқы 4 раундта Қанат Ислам өз басымдығын байқатып, ширақ қимылдады. Тіпті Уолтерді нокдаунға да түсірді. Дегенмен 5 раундтан бастан қазақстандық былғары қолғап шебері күрт өзгерді. Бірақ төрешілердің шешімімен Қанат Ислам жеңіске жетті.

Ал желі қолданушылары жекпе-жек нәтижесін әділетсіз деп тапты. Қанат Ислам «жеңісін сатып алды» деп пікір айтқандар да болды.

«Мақтаншақ Қанаттың қашқаны ұят болды», «Марафондық жеңді, боксшы жеңілді», «Каннелоға айтқан сөзіңді қайтып алам де», «Қанат шаршапты, осы абройыңмен депутат, әкім болып ал», «Қанатты бұрын қатты құрметтейтін едім, қазір көңілім толмайды», «Осы жолы Қанаттың боксынан ұялым отырмын», «Ұят болды, кіретін тесік таппадым» деген сияқты түрлі ащы пікірлерін қалдырған.

Қанат Исламның жеңісін әділетсіз болғанын қарсыласы Уолтер Каутондоква да рингтен түсіп бара жатып айтып қалған көрінеді. дегенмен ол тілшілерге сұхбат беруден бас тартқан. 


Ал Boxingscene.com сайты Қанат Исламның жеңісін мойындаудан бас тартты.

"Ислам үшін ең үздік болған бесінші ранудтан кейін қазақстандық боксшы әлсіреп қалды. Оның төзімділігі таусылды, ал Каутондокваның керісінше екінші тынысы ашылды. Бірақ төрешілер жеңісті Исламға берді. BoxingScene жекпе-жекте Каутондоква жеңді деп есептейді. Андрадемен кездескісі келетін Исламның мүмкіндігі күмән келтіреді. Оған және оның командасына әлі де жұмыс істеу керек екені анық", — деп жазады Boxingscene.com.

Дегенмен Қанат Исламды жақтап шыққандар баршылық.

Көпшілігі қарсыласының бойы ұзын, ыңғайсыз болғанын және қазақстандықтың жарақат алуы мүмкін екенін айтты.

Айта кетсек, Қанат Ислам үшін бұл 27-ші жеңіс. Ол осы күнге дейін бірде-бір рет жеңілген жоқ.

Уолтер Каутондоква екінші рет жеңілді. Былтыр ол америкалық Деметриус Андрадемен (28-0, 17 КО) өткен жекпе-жекте қарсыласына есе жіберген еді.

Соңғы жаңалықтар