Математиканы қазақ тілінде оқытуға бола ма - Асқар Жұмаділдаев - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Математиканы қазақ тілінде оқытуға бола ма - Асқар Жұмаділдаев

Математиканы қазақ тілінде оқытуға бола ма - Асқар Жұмаділдаев

 

  • 17 Қазан 2022
  • 183
Фото - Caravan.kz

Академик Асқар Жұмаділдаев ғылыми жиналыста айтылған тілге қатысты қазіргі жетістігіміздің дәрежесін айтты, деп жазды Caravan.kz медиа порталының тілшісі. 

Танымал журналист Серік Абас-Шах әлеуметтік желідегі парақшасында академик Асқар Жұмаділдаевтің пікірімен бөлісті. 

"Кеше ғана ғылыми жиналыс болды. Сол жиында мен бір сағаттық баяндама жасадым. Баяндаманың тақырыбы: «Математиканы қазақ
тілінде оқытуға бола ма, болмай ма?».
Әрине, бұл қандай ақмағи сұрақ деп ойларсыздар.
Өкінішке орай, XXI ғасырдың басында осы сұрақ ғылыми талқыға түсіп отыр.
Тіл деген не? Тіл — байланыс құралы. Оның бес функциясы бар. Олар: отбасы, ошақ қасы; бизнес; саясат; экономика; ғылым және технология.
Адамның он екі мүшесі бар болатын болса, сол он екі мүшенің бәрі жұмыс жасау керек.
Қазақта мықты поэзия бар, әдебиет бар. Бірақ басқа жағында түк те жоқ. Менің ойымша біздің саясат былай болуы керек: сіз көмектеспей-ақ қойыңыз, бірақ кедергі жасамай-ақ қойыңыз.
Соңғы кезде қазақтың тілі дамып келе жатыр. Біздің министр қазақ балаларының білімі төмен деп айтады. Бос сөз. Кешегі өткен ҰБТ-да ең жақсы нәтиже көрсеткен қазақ мектебінің балалары.

Құдай біледі, «Болашақпен» шетелге оқуға кеткендердің 80 пайызы қазақ мектебін бітірген балалар. Қазақша мектепте оқу методикасы қалыптасты. Қазақ тілінде бастауышқа, орта мектепке лайық жеткілікті тіл бар. Біз қазақтың тілі бай дейміз. Сол бай тіліміз орта мектепке білім беруге жарамайтын болса, ол тілдің не керегі бар?!

Министрліктің өкілдері «қазақ тарихын қазақ тілінде оқытатын болдық» деп жетістік ретінде айтып отыр. Бұл жетістік емес, күлкілі нәрсе. Бүкіл ғылымның барлығы ана тілінде оқытылуы керек", делінген пікірде. 


Соңғы жаңалықтар