Маусымда қандай ауа райы күтіледі? - kaz.caravan.kz
  • $ 441.8
  • 480.02
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маусымда қандай ауа райы күтіледі?

Маусымда қандай ауа райы күтіледі?

Синоптиктер маусым айында елімізде қандай ауа райының күтілетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.

  • 1 Маусым 2016
  • 514
Фото - Caravan.kz

"Болжам бойынша, биыл маусым айында температуралық режим көпжылдық мәнге жақын болады: елдің солтүстігінде температура теріс бағытта, оңтүстігінде оң бағытта ауытқиды. Елдің басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері нормадан артық, тек Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда және Қарағанды облыстарында нормадан төмен болады", — делінген хабарламада.

Сонымен қатар, синоптиктер осы айда үш рет суық түсіп, оның соңы жылы ауа райымен ауысатынын айтты. "Айдың басында суық және ылғалды ауа массасымен циклон келіп, елдің солтүстігінде ауа температурасы 1-6 градус жылы болса, қалған өңірлерде 2 градусқа дейін суық болады", — деді мамандар.

Қазақстанның батысында қысқамерзімді найзағайлы жаңбыр түнде 7-12 градус, күндіз 12-20 градус, ал оңтүсітігінде түнде 10-18 градус, күндіз 27-35 градус ыстыққа әкеледі. "Кейін Орталық Азиядан келген жылы ауа массасының әсерінен солтүстікте күндіз 23-31 градусқа, оңтүстікте 33-40 градусқа дейін ыстық болады. Қалған екі суық толқынды айдың ортасы мен соңында күтуге болады", — деді синоптиктер.


Соңғы жаңалықтар