«Ахуал тұрақты, бәрі бақылауға алынған», — деді Б. Қожахметов. Ол атап өткеніндей, «полициядан жіберілген қосымша бөлімшелер тұрғылықты жерлеріне қайта оралды».
Баспасөз хатшысының ақпараты бойынша, » қазір күдікті деп есептелініп отырған адамның баланы зорлағаны туралы алдын ала мәліметтер бар».
Естеріңізге сала кетсек, ОҚО Төлеби АІІД 28 қазанында Маятас ауылының тұрғыны төрт жастағы баласының зорланғаны туралы арыз тапсырған. Бұл жағдайға байланысты 1991 жылғы кәмілетік жасқа толмаған жергілікті тұрғыны ұсталып, уақытша оқшаулау қапасына тоғытылды. Аталған қылмыстың арты тұрғындар арасындағы толқуларға ұрындырып, кейбір қоғамдық құқықтық тәртіпсіздіктерге апарды.
ІІМ мәліметі бойынша, 7 оқиға орын алып, оның қорытындысы бойынша, бір үй, гараж, шаруашылық жайлар, төрт автокөлік, бірнеше мая шөп өртенді. Сондай-ақ, жергілікті екі тұрғын соққыға жығылып, қоғамдық тәртіпсіздіктің алдын алуға тырысқан 3 полиция қызметкері зардап шекті.
Б. Қожахметов еске салғанындай, бүгінде қасақана біреудің мал мүлкін құрту, бұзақылық, зорлық жасау баптары бойынша үш қылмыстық іс қозғалған. «Оның (қылмыстық істер) бәрі бір қылмыстың іске біріктірілген», — деп атап кетті Б. Қожахметов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті