Мәжіліс адамды клондауға тыйым салатын және суррогатты ана болуға мүмкіндік беретін заң жобасын мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс адамды клондауға тыйым салатын және суррогатты ана болуға мүмкіндік беретін заң жобасын мақұлдады

Мәжіліс адамды клондауға тыйым салатын және суррогатты ана болуға мүмкіндік беретін заң жобасын мақұлдады

Бүгін, 10-желтоқсанда өткен мәжілістің жалпы отырысында халық қалаулылары адамды клондауға тыйым салатын және суррогатты ана болуға мүмкіндік беретін "Адамның репродуктивтік құқығы және оны жүзеге асыру кепілдіктері туралы" заң жобасын мақұлдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 10 Желтоқсан 2003
  • 860
Фото - Caravan.kz

Жалпы отырыста заң жобасына түсініктеме берген ҚР денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевтың айтуынша, елімізде ерлі-зайыпты жұптардың шамамен 30 проценті «репродуктивтік көмекші технологиялардың жәрдеміне жүгінуге мұқтаж болса», некелескен жұптардың 16 проценті балалы болу бақытынан айрылған.

Заң жобасы кез-келген ерлі-зайыпты жұптар үшін, соның ішінде балалы бола алатын жұптар үшін де суррогатты ана болу мүмкіндігін береді. «Заң жобасы бірақ бұл мәселені реттемейді»,- деді Ж.Досқалиев. Алайда министр осы орайда «суррогатты ана болу — өз бетімен бала көтере алмайтын әйелдер үшін мәжбүрлі шара »
екенін атап өтті. Суррогатты ана болу құқығы (басқаша айтқанда жатыр жалдау) «тек медициналық көрсеткіштерге ғана байланысты» қолданылады, оған рұқсат алу үшін ерлі-зайыпты жұп толық тексеруден өтуі, оның ішінде психиатриялық тексеруден де өтуге тиіс.
Заң жобасында қарастырылғанындай, суррогатты ана болуға шешім қабылдаған әйел 35 жастан төмен, өз балалары бар әрі денсаулығы мейлінше шымыр болуы тиіс.
Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Сәуле Диқанбаеваның айтуынша, бүгінде жасанды ұрықтандыруға бағытталған бір операцияның құны шашамен 2 мың долларды құрайды, ондай операция тек Алматыда ғана жасалады. «Мұндай операцияны жасатуға әрбір отбасының мүмкіндігі жете бермейді. Бізге суррогатты ана болу мүмкіндігін қарастыра отырып осындай операцияларға үкіметтен қаржы сұрауға мүмкіндік беретін нормативтік құжат керек»,- деді С.Диқанбаева.
Министрліктің мәліметіне жүгінсек, жалпы алғанда елімізде жасанды ұрықтандыруға бағытталған 500-дей операция жасалған. С.Диқанбаеваның айтуынша, «суррогатты ана болу мүмкіндігін пайдаланған операциялар да бар, бірақ ондай операциялар құпияланатындықтан нақты санын тап басып айту мүмкін емес».
Заң жобасы сенаттың талқысына ұсынылды.

Соңғы жаңалықтар