Мәжіліс "Астық туралы" заңға енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 450.79
  • 482.21
+25 °C
Алматы
2024 Жыл
15 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс "Астық туралы" заңға енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды мақұлдады

Мәжіліс "Астық туралы" заңға енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды мақұлдады

Бүгін, 19-маусымда өткен мәжілістің жалпы отырысында халық қалаулылары "Астық туралы" заңға енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды мақұлдады ,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Астанадан.

  • 19 Маусым 2003
  • 566
Фото - Caravan.kz

Заң жобасында астық қабылдаушы кәсіпорындарға бірқатар қызмет түрлерімен айналысуға шектеу қою қарастырылған. Атап айтсақ, заң жобасында астық қабылдаушы кәсіпорындар үшін астық сақтауға мүлдем қатысы жоқ қызмет түрлерімен айналысуға, соның ішінде үшінші біреудің борышы бойынша мүлікті кепілдікке қоюға және кепілдеме беруге тыйым салынды. Бұл ретте ұн , құрама жем, нан және макарон өнімдерін өндіру және сатумен айналысатын , сондай-ақ, жанар-жағар май және отын сақтау қызметін ақылы көрсететін кәсіпорындар үшін аталмыш тыйым жұмыс істемейді.

Заң жобасында астық алу немесе беру жөніндегі қолхат бойынша жүктеп алған міндеттемелерді орындау , осындай міндеттемелерге кепілдік беру жөніндегі қор мен жүйе қалыптастыру көзделген. Кепілдік беру қоры астық распискасы бойынша міндеттемелерге кепілдік беру жүйесіне қамтылатын кәсіпорындардың борышы үшін субсидиялық жауапкершілік жүктейтін болады.
Заң жобасы сенаттың талқылауына жіберілді.

Соңғы жаңалықтар