Мәжіліс "Азаматтық кодекске өзгерістер енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс "Азаматтық кодекске өзгерістер енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Мәжіліс "Азаматтық кодекске өзгерістер енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Астана. 9 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Мәжіліс депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Азаматтық кодекске өзгерістер енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 9 Сәуiр 2008
  • 549
Фото - Caravan.kz

«Заң жобасында мемлекеттік меншік нысандарын иеліктен шығарып, оны заңды тұлғалар мен азаматтардың жеке меншігіне беру туралы заңнаманы одан әрі жетілдіру қарастырылған», — делінген мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформалар жөніндегі комитетінің қорытындысында.

Қорытындыда атап көрсетілгендей, «Азаматтық кодекстің 249-бабының 3-тармағының қазіргі редакциясында мемлекеттік меншік нысандарын иеліктен шығарып, оны заңды тұлғалар мен азаматтардың жеке меншігіне беруді тек жекешелендіру жөніндегі заңнамалық актілердің аясында жүзеге асыру қарастырылған.

«Сөйтіп, жекешелендіру, яғни, мемлекеттік мүлікті сату мемлекеттік мүлікті басқарудың бір түріне жатады. Ал қолданыстағы заңнамалық актілермен, соның ішінде «Жекешелендіру жөніндегі» заңмен мемлекеттік мүлікті заңды тұлғалардың жарғылық капиталын өтеуге беру мүмкіндігі регламенттелмеген», -делінген қорытындыда.

«Осыған байланысты заң жобасымен Азаматтық кодекстің 249-бабының 3-тармағына өзгерістер енгізіп, онда мемлекеттік мүлікті заңды тұлғалардың жарғылық капиталын өтеуге беру және мемлекеттік меншік нысандарын жеке меншіктегі құны бірдей мүлікке ауыстыру секілді мүлікті басқарудың түрлерін қарастыру ұсынылып отыр», — делінген қорытындыда.

Заң жобасы екінші оқылымға дайындау үшін мәжілістің салалық комитетіне жіберілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті