Мәжіліс баламалы энергия көздерін дамыту туралы жаңа Заңның басымдықтарын талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс баламалы энергия көздерін дамыту туралы жаңа Заңның басымдықтарын талқылады

Мәжіліс баламалы энергия көздерін дамыту туралы жаңа Заңның басымдықтарын талқылады

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшелері «Қазақстан Республикасында баламалы энергия көздерін дамыту туралы» тақырып бойынша отырыс өткізді.

  • 28 Қыркүйек 2021
  • 27
Фото - Caravan.kz

Жиын Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаеваның бастамасымен ұйымдастырылды. Отырыста Мәжіліс депутаты Альберт Рау төрағалық етті. Талқылау барысында баламалы энергия көздерін дамыту туралы жаңа Заңды әзірлеу мәселелері көтерілді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

ҚР Энергетика вице-министрі Қайрат Рахимов Заң жобасының негізгі міндеттеріне кіретін мәселелерді жіпке тізді. Оның айтуынша, парниктік газ қалдықтарының деңгейін төмендете отырып, Қазақстанда энергетика саласының тұрақты дамуын қамтамасыз ету, баламалы энергияны дамытуды ғылыми-техникалық қолдау, оқу орындарында тиісті мамандарды даярлау, отандық және шетелдік инвестицияларды тарту, осы саладағы кәсіпкерлікті қолдау және т.б мәселелер жаңа заңның негізгі міндеттемелері болып есептеледі.

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов өз кезегінде 2060 жылға дейін Қазақстан Республикасының көміртекті бейтараптылығына қол жеткізу Доктринасын (стратегиясын) әзірлеу туралы баяндады. Ол елдің алдына 2060 жылға дейін көміртегі бейтараптылығына қол жеткізу және республиканың энергетикалық балансында (қазіргі көрсеткіш шамамен 3%) жаңартылатын энергия көздерінің 50% үлесін қамтамасыз ету мақсаты жоспарланғанын айтты.

Дариға Назарбаева өз сөзінде: «Баламалы энергия көздерін дамыту туралы жаңа Заңды әзірлеу барысында Үкіметтің осы салаға қатысты жан-жақты зерттеуі болғаны маңызды. Себебі, бұл экономиканың барлық салаларына әсер етеді. Міндеттемелерді орындауға нақты қалай қарау керектігін толық түсіну үшін механизмдерді пысықтау керек. Бұл ретте сандар мен есептеу нәтижелерінің болуы маңызды», — деді.

«Көмір шахталарына не істеу керек? Біз қалай жұмыс орындарын сақтай аламыз? Қоршаған ортаға ең аз әсер ететін көмірді пайдалану технологиялары бар ма? Энергияны тұтынатын халық үшін тариф қай мөлшерде белгіленеді?
Депутат осындай жеке талдауды және белгілі бір тәуекелдерді қажет ететін бірнеше мәселелерді атап көрсетті.

Депутаттың бірқатар сұрақтары энергия өндіруге байланысты болды.

«Екінші реттік өнеркәсіптік газдарды пайдалану үшін қандай технологиялар қолданылады? Үкімет баламалы энергия өндіруге арналған қондырғылар шығаратын кәсіпорындарды дамыту үшін қандай шараларды жоспарлап отыр?», — деп сұрады Дариға Назарбаева.

Мәжіліс депутаты Ғалым Әмреев те экологиялық таза энергия көздерін кеңінен енгізуге байланысты сұрақ қойды.

«2060 жылға қарай баламалы энергия көздері 83 пайыз электр энергиясын өндіреді деген болжам бар. Көмірмен жұмыс істейтін барлық электр стансалары істен шығарылуы тиіс. 12 мың мегаваттан астам көмірмен жұмыс істейтін генерацияның орнына қандай құрылғылар алады?», — деді ол.

Мәжілісмен Самат Ақышев кездесу барысында нақты шаралар, жаңартылатын энергия көздерін өндіретін объектілер құрылысының мерзімі және осы жұмыстың нақты көрсеткіштері туралы сұрақтар қойды.

Ал депутат Екатерина Смышляева болса, күн батареялары мен жел диірмендерін жоюға қатысты көкейіндегі сауалды ортаға тастады.

«Қайта өңдеу жаңа экологиялық проблемаға айналмай ма?», — деді депутат.

Енді министрліктер депутаттардың қойған сұрақтарына тиісті жауап дайындайды. Осыдан кейін Мәжіліс депутаттары Қазақстан Үкіметіне бірқатар ұсыныстарын жеткізеді.

Соңғы жаңалықтар