Мәжіліс бесінші сессияға арналған негізгі шаралар жоспарын бекітті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс бесінші сессияға арналған негізгі шаралар жоспарын бекітті

Мәжіліс бесінші сессияға арналған негізгі шаралар жоспарын бекітті

Бүгін, 15-қазанда Астанада өткен мәжілістің жалпы отырысында халық қалаулылары 2003-2004-жылғы бесінші сессияда палатаның өкілеттілігін жүзеге асыруға бағытталған негізгі шаралар жоспарын бекітті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 15 Қазан 2003
  • 397
Фото - Caravan.kz

Палата жетекшісінің орынбасары Мұхамбет Көпейдің айтуынша, шаралар жоспарында «Өндіріс қалдықтары және оны тұтыну : проблемалар және оны шешу жолдары туралы», «Мемлекеттік табиғи-қорық қорын дамытудың келешегі мен қиындықтары туралы «, «Бұқаралық ақпарат құралдары іс-қызметінің заңдық негіздері туралы» деген тақырыптарда парламенттік тыңдаулар ұйымдастыру қарастырылған. Сондай-ақ, құжат бойынша министрлік және мекеме басшыларының қатысуымен «үкіметтік сағаттар» өткізу көзделді. Атап айтсақ, 2003-жылдың қазан айында ҚР қоршаған ортаны қорғау министрі Айткүл Самақова, қараша айында қаржы министрі Ерболат Досаев, мемлекеттік сатып алу жөніндегі Агенттік төрағасы Әбдіхалық Нәлібаев, желтоқсан айында денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевтар сөз сөйлейді деп күтілуде. 2004-жылдың бірінші жартысында ҚР ішкі істер министрі Зауытбек Тұрысбековтың, әділет министрі Оңалсын Жұмабековтың, қаржы полициясы Агенттігінің төрағасы Болатбек Бұлғақбаевтың баяндамаларын тыңдау жоспарланды.

Қабылданған жоспарға сәйкес, мәжілістің парламентаралық және халықаралық іс-қызметі де біршама қауырт болып, Астанаға бірқатар шетелдердің парламенттік делегациялары келеді деп күтілуде. Сондай-ақ, депутаттар халықаралық парламенттік ұйымдардың шараларына қатысады деп межеленді. Атап айтсақ, олар «Орта Азиялық ынтымақтастық» ұйымы парламентшілерің кеңесіне, Ислам конференциясы ұйымы парламенттік одағының үшінші сессиясына, парламенттік ынтымақтастық жөніндегі «Қазақстан Республикасы -Еуропалық Одақ» комитетінің бесінші отырысына, ТМД және ЕурАзЭҚ парламентаралық ассамблеясының тұрақты комиссияларының отырыстарына, сондай-ақ, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы парламенттік ассамблеясының жыл сайынғы сессиясының отырысына қатысады.

Соңғы жаңалықтар