Мәжіліс Борис Сорокинді депутаттық мандаттан айырудан бас тартты - kaz.caravan.kz
  • $ 511.59
  • 575.28
+13 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс Борис Сорокинді депутаттық мандаттан айырудан бас тартты

Мәжіліс Борис Сорокинді депутаттық мандаттан айырудан бас тартты

Мәжіліс Борис Сорокинді депутаттық мандаттан айырудан бас тартты,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі республика Елордасынан. Бұл шешімді мәжілістің 43 депутаты қолдап дауыс берсе, 5 адам қарсы шықты. 18 депутат қалыс қалды.

  • 29 Маусым 2004
  • 385
Фото - Caravan.kz

15-наурызда Қазақстан коммунистік партиясының бірінші хатшысы Серікболсын Әбділдин ҚР Орталық сайлау комиссиясына Борис Сорокинді партия қатарынан шығару туралы ҚКП ОК-нің қаулысын жолдаған. С.Әбділдин осы қаулының негізінде, сайлауда партиялық тізім бойынша сайланған Б.Сорокиннің депутаттық мандатын қайтарып алу мәселесін дәйектеуді сұраған. Тиісті құжаттарды үш ай бойы қарап шыққан ҚР Орталық сайлау комиссиясы 22-маусымда мәжіліске Б.Сорокинді депутаттық құзыреттен айыру туралы ұсыныс жолдады. ҚР Орталық сайлау комиссиясының түсініктемесінде атап көрсетілгеніндей, ҚКП ОК пленумының шешімі «оны депутаттық мандаттан айыруға негіз бола алады».

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттарға түсініктеме берген Б.Сорокин Қазақстан коммунистік партиясы пленумының шешімімен келіспейтіндігін хабарлап, Астана қалалық сотына шағым түсіргенін жеткізді. Сот шешімі қашан жарияланатынын Б.Сорокин нақтылаған жоқ.