Жарияланды: 410

Мәжіліс депутаттары Қазақстан - Өзбекстан мемлекеттік шекарасындағы өткелектер туралы келісімді бекітуді мақұлдады

Бүгін, 17-қыркүйекте өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар Қазақстан - Өзбекстан мемлекеттік шекарасындағы өткелектер туралы келісімді бекітуді мақұлдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Астанадан.

Келісім - қару-жарақ, оқ-дәрі, есірткі және психотроптық заттар, құнды бұйымдар мен валюта, сондай-ақ, радиоактивті заттардың контрабандасына тосқауыл қою үшін Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасындағы тексеру бекеттері іс-қызметінің құқықтық негізін қалауды мақсат тұтады. Келісімде қарастырылғанындай, мемлекеттердің шекаралық мекемелері ерекше жағдайда өзара келісім арқылы екі мемлекет азаматтары, көлік құралдары мен жабдықтарды қолданыстағы өткелек бекеттерінен тысқары жерлерде мемлекеттік шекарадан өткізе алады. Келісімге сәйкес, ерекше жағдайлар ретінде табиғи зілзалалар, өрт, сел, жұқпалы дерттер, жұқпалы мал аурулары, техногендік сипаттағы апаттар, жедел медициналық жәрдем т.б. қарастырылады. Сондай-ақ, мәжілістің жалпы отырысында палата төрағасы Жармахан Тұяқбайдың хабарлауынша, ол ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметовтың атына Қазақстан мен Өзбестан арасындаы мемлекеттік шекарадағы ахуалға қатысты депутаттық сауал жолдаған. Келісім сенаттың қарауына жіберілді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть