ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің төрағасы Нұрахмет Бижановтың түсініктемесіне жүгінсек, «заңға енгізілген өзгерістер төтенше жағдайларды топтастырған тізімді нақтылау, апаттық-құтқару қызметінің жұмыс істеуіне байланысты мәселелерді заңдық реттеу қажеттігінен туындады».
Өзгерістер енгізілетін заңдар қатарында «Жер қойнауы және оны пайдадану туралы» Елбасының заң күші бар Жарлығы, «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» заң мен «Апаттық-құтқару қызметі мен құтқарушының мәртебесі туралы» заңдар бар.
Атап айтсақ, апаттық-құтқару қызметі саласындағы нормативтерді айқындау құқығын үкіметке беру, судан құтқару қызметін құтқару қызметтерінің тізіміне енгізу ұсынылып отыр. Төтенше жағдайлардың зардабын жою жөніндегі басшылар құзыретін үкімет айқындау туралы ұсыныс та бар.
Заң жобасы сенаттың қарауына жіберілді.