Жарияланды: 690

Мәжіліс депутаты Астанадағы қатаң режімдегі түрмеде болды (ФОТО)

Мәжіліс депутаты Астанадағы қатаң режімдегі түрмеде болды (ФОТО)

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Светлана Бычкова аудандық пробация қызметтері (Астана қаласының Алматы,

Сарыарқа және Есіл аудандарының) мен қатаң тәртіптегі ЕЦ-166/10 түзету мекемесінде болды, деп хабарлады ҚР ІІМ  Қылмыстық атқару жүйесі (ҚАЖ) комитетінің баспасөз қызметі.

«Мұндағы негізгі мақсат - жаңа ҚР Қылмыстық, Қылмыстық-атқару және Қылмыстық процессуалдық Кодекстрі негізінде ҚАЖ қызметкерлерінің жұмысымен танысу», - деп атап өтті республикалық ведомствода.  

«Түзету мекемесінде қонақтар тұрғын үй корпустары мен нысанның санитарлық бөлімінде болып, өндіріс учаскелерін - аяқ-киім тігу, көктайғақ кезінде құм себу мен қар жинауға арналған көліктерді  қайта жабдықтауға дайындайтын цех жұмысымен танысты», - деп қосты ҚАЖ комитетінің баспасөз қызметінен. 

2
3
4

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін