Мәжіліс депутаты Бейсенбаевтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс депутаты Бейсенбаевтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды

Мәжіліс депутаты Бейсенбаевтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды

Депутат өзі өтініш берген. 

  • 11 Қаңтар 2023
  • 14
Фото - Caravan.kz

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Елнұр Бейсенбаевтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

"Парламент Мәжілісінің депутаты Елнұр Бейсенбаев міндеттерін атқарудан өз еркімен босату туралы өтініш берді. Осыған орай Орталық сайлау комиссиясы сіздердің назарларыңызға Конституцияның 52-бабына, "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Конституциялық Заңның 24-бабы 3 және 8-тармақтарына сәйкес, Мәжіліс депутаты Е. Бейсенбаев өтініш беруіне байланысты оның өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шешу үшін ұсыным енгізіп отыр", — деді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов.

Жалпы отырыста палата депутаттары аталған ұсынымға дауыс беріп, Е.Бейсенбаевтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдады.


Соңғы жаңалықтар