Мәжіліс депутаты демеуші қаражатына салынған ғимараттарға меценаттардың есімін жазуды ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+33 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс депутаты демеуші қаражатына салынған ғимараттарға меценаттардың есімін жазуды ұсынды

Мәжіліс депутаты демеуші қаражатына салынған ғимараттарға меценаттардың есімін жазуды ұсынды

Мәжіліс депутаты Николай Кузьмин демеушілік қаражат есебінен салынған ғимараттарға меценаттардың есімін жазуды ұсынды.

  • 23 Маусым 2014
  • 1248
Фото - Caravan.kz

«Өз қаржысы есебінен ғимарат салдырған меценат немесе демеуші оған өзінің атын емес, Абайдың немесе басқа бір саяси қайраткердің атын беруі мүмкін. Бірақ, құрылысқа кеткен қаражаттың 70 пайыздан астамын төлеген жағдайда, ғимаратқа сол меценаттың аты жазылған тақтайша ілінуі тиіс», — деді Н.Кузьмин дүйсенбі күні мәжілісте «Қайырымдылық, демеушілік және меценаттық көмек туралы» заң жобасын талқылау барысында.

Ал оның әріптесі Егор Каппель бұл ұсынысқа қарсылық білдірді. «Бәрін былықтырып жібереміз», — деді ол.