Мәжіліс депутаты Котович президент сайлауының мерзімін нақтылауды талап етті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс депутаты Котович президент сайлауының мерзімін нақтылауды талап етті

Мәжіліс депутаты Котович президент сайлауының мерзімін нақтылауды талап етті

Мәжіліс депутаты Валерий Котович ҚР әділет министрлігі мен Орталық сайлау комиссиясынан президент сайлауының мерзімін нақтылауды талап етті. Мәжіліс депутаты В.Котович бүгін, 8-маусымда өткен мәжілістің жалпы отырысында осындай депутаттық сауал тастады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 8 Маусым 2005
  • 354
Фото - Caravan.kz

«Мұндай депутаттық сауал жолдауға кейінгі кездері БАҚ-тарда кезекті президент сайлауының мерзіміне қатысты пікірталас өрбуіне байланысты сайлаушылардан келіп түскен көптеген хаттар мен өтініштер түрткі болды. Оның үстіне депутаттардың атына республикамызға танымал заңгерлер тобынан мәлімдеме келді. Онда олар бұл мәселеге қатысты алаңдаушылық білдірген»,- деді В.Котович.

Осы орайда депутат өткен жылғы күзде, Орталық сайлау комиссисының төрайымы болып тұрған кезде Зағаипа Балиева кезекті президент сайлауы 2006-жылдың желтоқсан айында өтеді деп мәлімдегенін еске салды. «Таяуда бұл пікірге «Әділет» жоғары құқық мектебінің проректоры, заң ғылымдарының докторы Матюхин күмән келтіріп, сайлау биылғы жылдың желтоқсан айында өтуі тиіс екенін негізді дәлелдеді»,- деді В.Котович.
Осыған байланысты депутат ҚР әділет министрі мен Орталық сайлау комиссиясының төрағасынан келесі жалпы отырыста «осындай алабөтен оқиғаға қатысты өз пікірлерін білдіруді» талап етеді. «ҚР Ата заңының 56-бабына сәйкес, кезекті президент сайлауының мерзімін жария ету — мәжілістің құзырындағы мәселе. Сол себепті депутаттар үшін осындай еліміздің тағдырына қатысты айрықша өзекті шешім қабылдауда қателікке жол бермеудің маңызы зор»,- деді В.Котович.

Соңғы жаңалықтар