Мәжіліс депутаты сауда үйлеріндегі ойын алаңдарын бірінші қабатқа көшіруді ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.73
  • 546.57
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс депутаты сауда үйлеріндегі ойын алаңдарын бірінші қабатқа көшіруді ұсынды

Мәжіліс депутаты сауда үйлеріндегі ойын алаңдарын бірінші қабатқа көшіруді ұсынды

Мәжіліс депутаты Мархабат Жайымбетов ірі ойын-сауық орталықтарының балаларға арналған ойын алаңдары үстіңгі қабаттарда екенін, бұл орталық иелеріне тиімді болғанмен балалардың қауіпсіздігіне кері әсер етеді есептейтінін айтты

  • 22 Сәуiр
  • 2
Фото: astana.zagranitsa.com

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Депутат Үкімет басшысына жолдаған сауалында аталған проблеманы шешудің бірнеше жолын ұсынды.

-Біріншіден, балалар ойын алаңдарын орналастыру талаптарын нақтылап, үлкен ойын-сауық алаңдарында оларды тек бірінші қабатта орналастыруды заңмен міндеттеу керек. Бұл алаңдар эвакуация дәлізінен 20 метр радиуста болуын қатаң бақылау қажет. 

Екіншіден, санитарлық талаптарды күшейтіп, ойын жабдықтарын күніне кемінде екі рет міндетті түрде залалсыздандыру нормасын және лизенция алу тәртібін енгізу ұсынылады. Қажет болған жағдайда құзырлы органдар осы талаптардың сақталуына ай сайын тексеріп, көпшілікке ашық ұсынсын, — дейді депутат.

Сондай-ақ, ол ойын алаңдарында қызмет көрсететін мамандар кәсіби даярлықтан өтуге міндеттелу керек деп есептейді. 

-Төртіншіден, баға саясатын реттеп, қызмет құнының қалыптасуын ашық ету маңызды. Әлеуметтік осал топтағы балдардың бәріне жеңілдік қарастыру қажет, — деді Мархабат Жайымбетов.