Мәжіліс екі миллион адамның жалақысын көбейтетін заң жобасын мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс екі миллион адамның жалақысын көбейтетін заң жобасын мақұлдады

Мәжіліс екі миллион адамның жалақысын көбейтетін заң жобасын мақұлдады

25 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын жалақы алатын қазақстандықтар үшін табыс салығы он есеге қысқарады.

  • 23 Мамыр 2018
  • 89
Фото - Caravan.kz

Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаттары әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері жөніндегі түзетулердің жобасын екінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik.

Бұған дейін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев аз жалақы алатын, атап айтқанда, айына 25 еселенген АЕК-тен (2018 жылы 60 125 теңге болды) аспайтын көлемде еңбекақы алатын қазақстандықтар үшін салықты төмендетуді ұсынған болатын. Олар үшін жеке табыс салығы он есе азайтылмақ. Салықтан босатылған қаржы сол азаматтардың жалақысын көбейтуге жұмсалады. Нәтижесінде екі миллионнан астам адамның жалақысы артады.      

 "Бұл норма 2019 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енеді", — деп жазылған мәжілістің қорытындысында.  

Оқи отырыңыз:

Тәжікстанның дінбасылары Рогун ГЭС-інің жұмысшыларына ораза ұстамауға рұқсат берді 

Елiмiзде 41 градус ыстық болады – Министр өрт қаупi жоғары екенiн айтты 

Павлодарда кір жуатын машина өртеніп, үш адам ауруханаға жеткізілді
 

Соңғы жаңалықтар