Мәжіліс есірткілік қылмыстар үшін жүктелетін қылмыстық жауапкершілікті күшейту жөнінде заңнамаға енгізілетін түзетулер бойынша келісім комиссиясының шешімін мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс есірткілік қылмыстар үшін жүктелетін қылмыстық жауапкершілікті күшейту жөнінде заңнамаға енгізілетін түзетулер бойынша келісім комиссиясының шешімін мақұлдады

Мәжіліс есірткілік қылмыстар үшін жүктелетін қылмыстық жауапкершілікті күшейту жөнінде заңнамаға енгізілетін түзетулер бойынша келісім комиссиясының шешімін мақұлдады

Астана. 4 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Мәжіліс депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Қылмыстық кодекс пен Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі ҚР кодексіне есірткілік қылмыстар үшін жүктелетін қылмыстық жауапкершілікті күшейту жөнінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі" заң жобасы бойынша келісім комиссиясының шешімін мақұлдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 4 Маусым 2008
  • 357
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Халықаралық тәжірибені ескеру негізінде және ішкі ахуалдың біршама күрделілене түсуіне байланысты заң жобасымен есірткілік қылмыстарды жасағаны үшін жүктелетін жауапкершілікті күшейту, тіпті өмір бойы бас бостандығынан айыруға дейін жаза жүктеу ұсынылып отыр. Мұндай жаза төменде аталған жағдайларда қолданылады: оқу орындарында және кәмелеттік жасқа жетпегендерге есірткі сатқаны үшін, ұйымдасқан қылмыстық топтардың аса ірі көлемде есірткі сатқаны үшін, аса ірі көлемде есірткі контрабандасы үшін, есірткі тұтынуға тарту салдарынан адамды өлімге душар ету қылмыстары үшін.

Сонымен бірге, Әкімшілік кодекске енгізілген түзетулермен «көңіл көтеру ұйымдары» деген ұғым енгізіліп, «осындай ұйымдарда есірткі тұтынудың алдын алуға шара қолданылмаған жағдайда олардың іс-қызметіне тыйым салу немесе уақытша тоқтату» туралы санкция енгізіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті