Мәжіліс ЕурАзЭҚ-тың заңнамалық негіздерінің мәртебесі туралы келісім-шартын бекітуді мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс ЕурАзЭҚ-тың заңнамалық негіздерінің мәртебесі туралы келісім-шартын бекітуді мақұлдады

Мәжіліс ЕурАзЭҚ-тың заңнамалық негіздерінің мәртебесі туралы келісім-шартын бекітуді мақұлдады

Бүгін, 6-сәуірде өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастығының заңнамалық негіздерінің мәртебесі, оларды жобалау, қабылдау және жүзеге асыру туралы" келісім-шартты бекітуді мақұлдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 6 Сәуiр 2005
  • 300
Фото - Caravan.kz

ҚР әділет министрінің орынбасары Жақып Асановтың отырыста берген түсініктемесіне сәйкес, бұл келісім-шарты ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясының іс-қызметін реттейді. Ал ассамблеяның өзі ЕурАзЭҚ-тың заңнамалық негіздерін жобалаумен шұғылданады. Құжат заңнамалық негіздерді жобалауда органдардың өзара ықпалдастық тәртібін айқындап, ЕурАзЭҚ-қа мүше-елдер үшін тиісті құқықтық қарым-қатынас салаларындағы құқықтық реттеуге біртұтас негіз қалайды.

Келісімге ЕурАзЭҚ-қа мүше-елдердің мемлекет басшылары 2004-жылдың 18-маусымында Астанада қол қойған. ЕурАзЭҚ-қа Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан мүше.
Келісім-шартты бекіту туралы заң жобасы сенаттың қарауына ұсынылды.