Мәжіліс лаңкестерге аударылған ақшаны туысқандарының жұмсауына рұқсат бермек - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс лаңкестерге аударылған ақшаны туысқандарының жұмсауына рұқсат бермек

Мәжіліс лаңкестерге аударылған ақшаны туысқандарының жұмсауына рұқсат бермек

Ақша лаңкестік ұйымдардан аударылса да, оны қылмысқа қатысы жоқ ағайын-туыстың кәдегі жаратуға құқы бар! Бүгін Мәжілісте лаңкестікке қатысты заң жобасына осындай өзгерту енгізу ұсынылды.

  • 5 Мамыр 2015
  • 215
Фото - Caravan.kz

Елімізде экстремистік және терроститік топтардан қаржыландырылатын азаматтардың есеп шоттарына бұған дейін бірден тыйым салынып келген. Енді Қаржы министрлігінің ұсынуымен осы заң жобасына өзгерту енгізілуі мүмкін. Яғни, сот шешімімен лаңкес атанған азаматтың есеп шотындағы ақшасын оның отбасы мүшелелері қажетіне жарата алады. Бұл лаңкестік мақсатта бөлінген қаржының дұрыс пайдалануына сеп болады дейді заң авторлары.

Ардақ Теңгебаев, ҚР Қаржы вице-министрі:

— Террорист болсын, кім болсын оның отбасы бар. Соларға төменгі жалақы көлемінде ақша пайдалануына болады. Ол үшін олар банкке барып, өтініш жазса алуына болатын. Қазір ондай қарастырылмаған. Енді соны жаңа заңда ескеру керек.