Мәжіліс Қазақстан мен Грузия арасындағы еркін сауда-саттық туралы келісімге енгізілетін түзетулерді мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс Қазақстан мен Грузия арасындағы еркін сауда-саттық туралы келісімге енгізілетін түзетулерді мақұлдады

Мәжіліс Қазақстан мен Грузия арасындағы еркін сауда-саттық туралы келісімге енгізілетін түзетулерді мақұлдады

Бүгін, 8-маусымда өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Қазақстан үкіметі мен Грузия үкіметі арасындағы 1997жылдың 11-қарашасындағы еркін сауда-саттық туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі хаттаманы бекіту туралы" заң жобасын мақұлдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 8 Маусым 2005
  • 573
Фото - Caravan.kz

Заң жобасын таныстырған ҚР индустрия және сауда министрінің орынбасары Болат Смағұловтың түсініктемесіне сәйкес, хаттамаға 2004-жылдың қараша айында Женевада Қазақстанды Бүкіәлемдік сауда ұйымына мүшелікке қабылдату жөніндегі жұмыс тобының отырысы аясында қол қойылды. Грузия атамыш жұмыс тобының мүшесі екені белгілі. «Хаттамада 2005-жылдың 1-сәуірінен бастап Қазақстан мен Грузия арасындағы еркін сауда режимінен жиналатын алымдарды сатылы түрде алып тастау жөніндегі кестені жүзеге асыру қарастырылған»,- деді ол. Қазіргі жағдаймен Қазақстан мен Грузия арасындағы еркін сауда режимінен спиртті және спиртсіз өнімдерден, темекі мен қанттан алым жиналады. Ал Грузия жағы Қазақстанға қатысты алым қолданбайды.

Б.Смағұловтың айтуынша, хаттаманы бекіту «екі ел арасындағы еркін сауда аймағын қалыптастыру процессін аяқтауға мүмкіндік береді».
Заң жобасы сенаттың талқысына ұсынылды.

Соңғы жаңалықтар