Жарияланды: 470

Мәжіліс Қазақстандағы банк қызметін реттеу туралы заңнамаға түзетулерді мақұлдады

Мәжіліс Қазақстанда банк қызметі мен қаржы ұйымдарын реттеу туралы заңнамаға тәуекелдерді азайту бойынша түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады.

«Заң жобасы қаржы ұйымдарының қызметінде экономикалық сілкіністер кезінде туындаған теріс құбылыстарды, жеткіліксіз деңгейдегі ақпараттық мөлдірлікті, банктердің төмен капиталдандырылуын, тәуекелі жоғары операцияларды жүргізуді, корпоративті кірістің төмен деңгейін болдырмау үшін әзірленді, - деп мәлім етті ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Данияр Ақышев сәрсенбі күні пленарлық отырыста. Оның ақпаратына сәйкес, заң жобасы банктерді аффилирленген салалық емес құрылымдардан бөлуге, қаржы ұйымдарының қызметінің мөлдірлігін арттыруға, «қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуші тетіктерді» нығайтуға бағытталған. Мәжілісмендер талқыланған заң жобасына зейнетақы жүйесі мен құнды қағаздар нарығын дамытуға қатысты түзетулер енгізді. Депутаттар ұсынған өзгертулер эмитент-ұйымдардың, олардың лауазымды тұлғаларының облигацияларды шығару шарттарын орындау бойынша жауапкершілігін арттыруға бағытталады. «Сондай-ақ, эмитенттер, резиденттер қазақстандық қор биржасында орналастыруға ұсына алатын шығарылатын құнды қағаздардың ең аз үлесін белгілеу ұсынылып отыр», - деді Д. Ақышев.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін