Мәжіліс шекаралық аумақтарда туристік визаларды өзара мойындау туралы Қазақстан мен Қырғызстан үкіметтері арасындағы келісімді бекіту туралы заң жобасын мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс шекаралық аумақтарда туристік визаларды  өзара мойындау туралы Қазақстан мен Қырғызстан үкіметтері арасындағы келісімді бекіту туралы заң жобасын мақұлдады

Мәжіліс шекаралық аумақтарда туристік визаларды өзара мойындау туралы Қазақстан мен Қырғызстан үкіметтері арасындағы келісімді бекіту туралы заң жобасын мақұлдады

Астана. 23 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Мәжіліс депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Қазақстан мен Қырғызстан үкіметтері арасындағы Қазақстан Республикасымен шекаралас Қырғызстан аудандары - Ыстықкөл, Талас және Чу облыстарында, Қазақстанның Қырғызстанмен шекаралас аймақтары - Алматы және Жамбыл облыстарының аумағында, Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының үшінші елдердің азаматтарына берген туристік визаларын өзара мойындау туралы келісімді бекіту туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 23 Сәуiр 2008
  • 484
Фото - Caravan.kz

«Келісімде екі мемлекеттің үшінші елдердің азаматтары үшін берген туристік визалары өзара танылатын Қазақстан мен Қырғызстанның шекаралық аумақтары нақты айқындалған», — делінген мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің қорытындысында.

«Әр тараптың ұлттық заңнамасына сәйкес үшінші елдің азаматтарына берілген сол елдің аумағына келу, сонда болу және шығуға арналған туристік визалар олардың иелеріне аталған шекаралық аймақ аумағында, шетел азаматтарының баруына тыйым салынған аумақтардан өзге жерлерге көп жақты өткізу пункттері арқылы виза уақытында ешбір кедергісіз кіріп-шығуға құқық береді», -делінген қорытындыда.

Келісімге 2007 жылдың 26 сәуірінде Бішкекте қол қойылған.

Заң жобасы сенаттың қарауына ұсынылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті