Жарияланды: 430

Мәжіліс спикері мен Жапония елшісі екі ел парламенттерінің арасындағы ынтымақтастықтың болашағын талқылады

Бүгін, 26-қыркүйекте Астанада мәжіліс төрағасы Жармахан Тұяқбай Жапонияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Тосио Цунодзакиді қабылдады,- деп хабарлайды палатаның баспасөз қызметі.

Тараптар Қазақстан-Жапония парламентаралық қарым-қатынастары пәрменді дамып келе жатқанын және оның тиімділігін атап өтіп, халықаралық парламенттік ұйымдар аясында екі елдің заң шығарушы органдарының ынтымақтастығын орнату жолдары мен оның болашағы туралы әңгіме қозғады. Елші мәжіліс төрағасына өзінің Шығыс Қазақстан облысына жасаған сапары мен осы өңірде өткізілген арнаулы медициналық конференция туралы хабарлама жасады. Жапония елшісі аталмыш жұмыстың нәтижесінде Жапония үкіметі Шығыс Қазақстан облысында денсаулық сақтау саласын дамыту бағдарламасын жүзеге асыру мерзімін тағы да екі жылға созғандығы туралы хабарлады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін