Мәжіліс төрағасы мен Ресейдің Қазақстандағы елшісі Біртұтас Экономикалық Кеңістіктің құрылуына байланысты пайда болған жан-жақты ынтымақтастық перспективаларын талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс төрағасы мен Ресейдің Қазақстандағы елшісі Біртұтас Экономикалық Кеңістіктің құрылуына байланысты пайда болған жан-жақты ынтымақтастық перспективаларын талқылады

Мәжіліс төрағасы мен Ресейдің Қазақстандағы елшісі Біртұтас Экономикалық Кеңістіктің құрылуына байланысты пайда болған жан-жақты ынтымақтастық перспективаларын талқылады

Бүгін, 25-қыркүйекте Астанада мәжіліс төрағасы Жармахан Тұяқбай мен Ресей Федерациясының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Владимир Бабичевтің кездесуі өтті,- деп хабарлайды палатаның баспасөз қызметінен.

  • 25 Қыркүйек 2003
  • 397
Фото - Caravan.kz

Еліміздегі елшілік қызметке кірісуіне орай оған сәттілік тілеген Ж.Тұяқбай екі елдің стратегиялық қарым-қатынасына ерекше тоқтала келіп өзара экономикалық ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

Тараптар Ресей, Қазақстан, Украина және Беларусь «төрттігін» біріктірген Біртұтас Экономикалық Кеңістіктің құрылуына байланысты жан-жақты ынтымақтастыққа ашылған жаңаша перспективаларды атап өтті. Осы орайда мәжіліс төрағасының айтуынша, өзара интеграцияның сапасы көбінесе екі елдің заң шығару жұмыстарындағы үйлесімділік пен парламентшілер арасындағы тиімді ықпалдастыққа тікелей байланысты болмақ.
Қазақстан-Ресей парламентаралық байланыстарды нығайтудың маңызына тоқталған В.Бабичев Ж.Тұяқбайды Қазақстандағы Ресей елшілігінің ағымдағы жұмыс барысымен таныстырды.

Соңғы жаңалықтар