Мәжіліс төрағасы Қазақстан парламентін толыққанды жетілген парламент деп санауға болмайды деген пікірде - kaz.caravan.kz
  • $ 511.59
  • 575.28
+12 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс төрағасы Қазақстан парламентін толыққанды жетілген парламент деп санауға болмайды деген пікірде

Мәжіліс төрағасы Қазақстан парламентін толыққанды жетілген парламент деп санауға болмайды деген пікірде

Мәжіліс төрағасы Жармахан Тұяқбайдың пікірінше, Қазақстан парламентін толыққанды жетілген парламент деп санауға болмайды. Бұл туралы төраға бүгін, 30-маусымда парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін өткізілген баспасөз мәслихатында мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 30 Маусым 2004
  • 537
Фото - Caravan.kz

«Парламентіміз қазір өсу үстінде. Құзырет аясы кең, дәстүрлері мен регламенті біржола қалыптасқан нағыз кәсіби парламентке айналу біз үшін әлі ерте. Бірақ біз сол бағытта ілгерілеп келеміз»,- деп жауап қатты журналистер сауалына Ж.Тұяқбай.

Парламент жұмысының нәтижелеріне тоқталған мәжіліс төрағасының айтуынша, жетістіктер де көп, кемшіліктер де болмай қалмады.
«Шешімін таппай келген көптеген әлеуметтік проблемалардың дәл осы шақырылым кезінде шешілуі — басты жетістіктердің бірі. Бұл — зейнетақы мен жалақының көтерілуі, тұрғын үй тауқыметінің шешілуі, тағысын тағылар. Оның бәрін дәл қазір нақты санамалап беру қиын»,- деді Ж.Тұяқбай.
«БАҚ-тарда тұрақты айтылып келе жатқан кейбір кемшіліктерді атауға болады. Нақтырақ айтсақ, қабылданған заңдардың ойдағыдай болмай, шамалы уақыттан кейін оларды қайтадан қарап, өзгерістер мен толықтырулар енгізуге тура келіп жататындығы көңілге кірбің. Күнделікті жұмыс барысында осындай кемшіліктер кездесіп отырды»,- деді ол.
Жалпы алғанда, Ж.Тұяқбайдың пікірінше, парламентте қабылданған заңдарға «тұрмыстық деңгейіне, күнделікті көз алдында өтіп жатқан қоғам өміріне қарап» сайлаушылардың өзі баға береді.