«Мен сайлауға өз округым бойынша қатыспақ ниетім бар және оған қазірден бастап дайындалып та жатырмын»,- деді Ж.Тұяқбай.
Мәжіліс төрағасының мұндай шешім қабылдауына сайлаушылардың оны жаңа парламент құрамынан қайтадан көруге деген құштарлығы әсер етті ме екен деген журналистер сауалына Ж.Тұяқбай былай деп жауап берді: «осындай шешім арқылы өз басым сайлаушыларға жақсылық істедім деп санамаймын. Мүмкін, бірінші кезекте мен сайлаушылар алдына барып бас иіп, парламентте олардың мүддесін қорғауды тағы бір мәрте сеніп тапсыруды сұрайтын шығармын»,- деді Ж.Тұяқбай.