Мәжіліс Төрағасының орынбасары В. Бобров бастаған делегация Брюссельге аттанды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс Төрағасының орынбасары В. Бобров бастаған делегация Брюссельге аттанды

Мәжіліс Төрағасының орынбасары В. Бобров бастаған делегация Брюссельге аттанды

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Владимир Бобров бастаған делегация Брюссельде (Бельгия Корольдығы) өтетін

  • 14 Маусым 2011
  • 432
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан Республикасы — Еуропалық Одақ» Парламенттік Ынтымақтастық комитетінің 10-шы мерейтойлық мәжілісіне қатысуға аттанды.

Бүгін Еуропарламент депутаттарының және танымал еуропалық саясаткерлер мен іскерлік орта өкілдерінің қатысуымен Қазақстан достарының Еуропалық клубының ашылуы жоспарланып отыр, деп хабарлайды Мәжіліс Аппаратының баспасөз қызметі.

Ал 15 маусымда қазақстандық парламентшілердің Еуропалық Парламент басшылары мен саяси партиялар фракцияларының басшыларымен бірқатар кездесуі көзделген.

Ертең «Қазақстан Республикасы — Еуропалық Одақ» Парламенттік Ынтымақтастық комитетінің 10-шы мерейтойлық мәжілісі өз жұмысын бастайды. Қазақстандық және еуропалық парламентшілер: саясат, сауда-экономикалық және гуманитарлық өзара ықпалдасудан бастап адам құқығы мен халықаралық деңгейде демократияның дамуы мәселелері т.б. жағдайлар төңірегінде пікір алмасатын болады.

16 маусымда қазақстандық және еуропалық парламентшілер «Қазақстан Республикасының ядролық әлем қауіпсіздігіне қосқан үлесі» деген тақырыпта өтетін дөңгелек үстелге қатысады.

Сол күні «ҚР — ЕО» Парламенттік Ынтымақтастық комитетінің мәжілісі өз жұмысын жалғастырып, соңында тараптар — Қорытынды құжат қабылдайтын болады.

Артынан қазақстандық делегация Ипр қаласында болатын ядролық сынақтар құрбандарына арналған ескерткіштің ашылу салтанаты мен Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғыста қайтыс болғандарға арналып берілетін отшашу рәсіміне қатысады.

Соңғы жаңалықтар