Мәжіліс төрағасының орынбасары Жапонияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісімен кездесті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+6 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс төрағасының орынбасары Жапонияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісімен кездесті

Мәжіліс төрағасының орынбасары Жапонияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісімен кездесті

Астана. 2-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Мәжілісте Қазақстан Республикасы парламентінің мәжіліс төрағасының орынбасары, мәжілістегі "Нұр Отан" партиясы фракциясының басшысы Бақытжан Жұмағұлов пен Жапонияның Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Тэцуо Итоның кездесуі өтті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 3 Қараша 2007
  • 413
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Б. Жұмағұлов Т. Итоны жаңа жағдайлардағы партияның іс-қызметі туралы, «Нұр Отан» партиясының төрағасы, Қазақстан Республикасының президенті Н. Назарбаевтың депутаттар корпусының алдына қойған міндеттері туралы, «Қазақстан-2030» стратегиясын жүзеге асырудың бірінші кезеңінің қорытындысы туралы хабардар еткен.

Ол сондай-ақ, 2008 жылдың басында, өзара келісімдерге сәйкес және жапон жағының шақыруы бойынша «Нұр Отанның» өкілдері Жапонияға ресми сапармен барып қайтпақ екендігін хабарлады.

Т. Ито өз кезегінде Қазақстанның дамып келе жатқан мемлекет ретіндегі рөлін атап өтті.

Тараптар Қазақстан мен Жапония арасындағы саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың барлық қырлары бойынша қатынастарды дамытуға екі жақтың да тырысып отырғандығын атап көрсетті, деп хабарлады мәжілістің баспасөз қызметінен.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті