«Көптеген даулы позициялар бойынша депутаттар заң жобасы нормаларының бірлескен редакциясын жасады», -деп мәлімдеді жалпы отырыста сөз сөйлеген мәжіліс депутаты Уәлихан Қалижан.
Заң шығару процедурасына сәйкес, келісім комиссиясының шешімін енді сенат депутаттары мақұлдауға тиіс, содан кейін заң қабылданды деп танылып, президенттің қол қоюына ұсынылады.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бұл құжаттың мақсаты — төтенше жағдайлар саласындағы заңнаманы жетілдіру болып табылады.
Мәселен, «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» заңда тиісті уәкілетті органның осы саладағы мемлекеттік бақылау құзыретін нақтылау ұсынылған.
«Өрт қауіпсіздігі туралы » заңда өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлектетік органдардың құзыретін нақтылай түсу, мемлекеттік өрт қауіпсіздігі органдарында қызметтен өту тәртіптері, құқықтық ережелері мен мәртебесін жан-жақты көрсету ұсынылған.
Сондай-ақ, заң жобасымен өртке қарсы және өнеркәсіптік қауіпсіздік салаларындағы уәкілетті органның қызметіне байланысты басқа да бірқатар заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қарастырылған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті