Жарияланды: 30

Мәжіліс журналистерге арналған «Парламент сөзі» сыйлығына өтінімдер қабылдауды бастайды

Мәжіліс журналистерге арналған «Парламент сөзі» сыйлығына өтінімдер қабылдауды бастайды

Бүгін Парламент Мәжілісінің заң шығару қызметін үздік насихаттаған журналистерге арналған «Парламент сөзі» сыйлығына үміткерлерден өтінім қабылдау басталады.

Арнайы парламенттік сыйлық 2016 жылы Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалық етуімен Мәжіліс Бюросының шешімі бойынша тағайындалған болатын. Биылғы жылы үшінші рет тапсырлады.

Атаулы сыйлыққа Палатаның заң шығарушылық қызметі жайында 2018 жылдың 3 қыркүйегі мен 2019 жылдың 15 маусымы аралығында жазылған және жарық көрген материалдар қабылданады.

Жеңімпаздар алты аталым − Мәжілістің қызметі туралы үздік телевизиялық, мерзімдік баспасөз, ғаламтор мен радиоматериалдар, сонымен бірге, фото және бейне-материалдар бойынша анықталады. Сондай-ақ, Қазақстан парламенттік журналистикасының дамуына үлес қосқандар да ескерілетін болады.

Өтінімдер 2019 жылдың 17 маусымына дейін қабылданады.

Жеңімпаздар Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні қарсаңында жарияланады.

Қосымша ақпаратты Мәжілістің ресми сайтынан алуға болады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін