Мәжілісмен Мұхтар Тінікеев Қарағанды туралы ән шырқады - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжілісмен Мұхтар Тінікеев Қарағанды туралы ән шырқады

Мәжілісмен Мұхтар Тінікеев Қарағанды туралы ән шырқады

Мәжіліс депутаты Мұхтар Тінікеев (фотода) өзінің туған қаласы Қарағанды туралы «Шахтерский край, моя Караганда» әнін орындап, «Фейсбуктегі» парақшасына орналастырды, деп хабарлады «Экспресс-К».

  • 25 Тамыз 2014
  • 459
Фото - Caravan.kz

Композиция көпшіліктің көңілінен шықты, оның бұл өнеріне «Жақсы ән, дауыс та керемет!» деп баға берді әлеуметтік желінің пайдаланушылары.

Композиция авторы — Теміртаулық Сергей Сүлейманов. Ол бұл әнді қаланың 75 жылдық мерейтойына арнап шығарыпты.  

«Әнді орындауымды көптен сұраған, ақыры келістім», — деді Мұхтар Тінікеев «Новый вестник» газетінде. — Сахнада тұрып ән айтқанда қорқыныш болды. Мұндай сезім өмірімде бұрын болмаған еді. Тамаша ән шырқадым деп айта алмаймын. Сондықтан алдағы уақытта мұндай өтініштерді орындамаймын».