Мәжілісмен өзіне тіл тигізген журналистке қарсы полицияға арыз жазды – БАҚ - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжілісмен өзіне тіл тигізген журналистке қарсы полицияға арыз жазды – БАҚ

Мәжілісмен өзіне тіл тигізген журналистке қарсы полицияға арыз жазды – БАҚ

Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты Тәңірберген Бердоңғаров тәуелсіз журналист Рафаэль Балгинді жауапкершілікке тартуды көздеп отыр, деп жазады сәрсенбі күні «Время» газеті.

  • 20 Шiлде 2011
  • 604
Фото - Caravan.kz

«Мәжілісмен Тәңірберген БердоңғаровАлматының Медеу АІІБ-ына 4 шілдеде өтіп бара жатқан адамдардың көзінше бетіне түкірген тәуелсіз журналист Рафаэль Балгинді жауапкершілікке тарту туралы арыз жазды», — делінген мақалада.

«Халық қалаулысы оңтүстік астананың прокуратурасына да осындай арыз жазыпты, прокуратура арызды Алматы ІІД-іне жолдаған», — делінген ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбекке сілтеме жасалған мақалада.

Сейсенбі күні таңертең Р. Балгинді полицияға шақырған.

«18 шілде күні кешке маған тергеуші Байболов қоңырау соғып, ІІД-іге кездесуге шақырды. Ол мен бетіне түкірген депутат туралы әңгіме болатынын айтты. Мен депутаттың маған қандай наразылығы бар екенін сұрадым, бұған тергеуші: ар-намысына нұқсан келтіру, деп жауап берді», — деп мәлім еткен журналист Р. Балгин.

Еске сала кетейік, үстіміздегі жылдың 6 шілдесіне «Время» газеті жариялаған мақалада тәуелсіз журналист Р. Балгин Алматыда Жібек жолы және Пушкин көшелерінің қиылысында мәжілісмен Т. Бердоңғаровпен кездейсоқ кездесіп қалып, оның бетіне түкіргені туралы жазылған.

Кейін белгілі болғанындай, журналист пен депутаттың арасындағы қақтығыс 2003 жылы, Р. Балгин еліміздің оқу орындарының бірінде сабақ бергенде басталған. Дау сол кезде Т. Бердоңғаровтың құрбысы болған студент қыздың кесірінен шыққан.

Мәжіліс депутаты ҚазТАГ тілшісіне 4 шілдеде Р. Балгинмен болған оқиғаны қуаттады, ол өзін ренжіткен адамның жазалануы үшін қажет шаралардың бәрін қабылтайтынын айтып, уәде берді.

Соңғы жаңалықтар