Мәжілісте "Неке және отбасы туралы" Кодекс жобасының таныстырылымы өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжілісте "Неке және отбасы туралы" Кодекс жобасының таныстырылымы өтті

Мәжілісте "Неке және отбасы туралы" Кодекс жобасының таныстырылымы өтті

Астана. 18 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Мәжілісте "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодекс жобасының таныстырылымы өтті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 18 Сәуiр 2008
  • 1576
Фото - Caravan.kz

Әділет вице-министрі Дулат Құсдәулетов заң жобасына байланысты жасаған баяндамасы барысында жоба неке-отбасы заңнамасын жетілдіруге бағытталғанын хабарлады.

Оның айтуынша, заң жобасында «бала асырап алу», «халықаралық бала асырап алу», «жеке бас куәлігі», «некеде тұрмайтын ана», «тастанды», «бас тартылған бала» ұғымдарына жаңа анықтама берілген.

Заң жобасында отбасы мен баланың мүддесін қорғайтын бағыттар көп. Атап айтқанда, ендігәрі ажырасқандардың баласы күндізгі бөлімге оқуға түскен немесе оқып жатқан жағдайда оған 21 жасқа дейін алимент төлейтін болады.

Алименттік міндеттемелері бар және Қазақстаннан тысқары жерге тұрақты тұруға көшіп кеткісі келген тұлғаның көші-қон полициясының органдарына алименттік төлемдері бойынша қарызы жоқтығын дәлелдейтін құжат тапсыру борышы қарастырылады.

Кодекс жобасында бала асырап алу және шетелдіктердің бала асырап алу институтының ережесі бөліп көрсетілген.

Кодекс жобасын талқылау жұмыс тобы аясында өз жалғасын табады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті