Жарияланды: 1500

Мәжілісте қаралып жатқан "Мүгедектер туралы" заң жобасы кемсіту сипатындағы жоба болмақ - Б.Байқадамов

ҚР адам құқықтары жөніндегі уәкілі Болат Байқадамовтың пайымдауынша, қазір мәжілісте қаралып жатқан "Мүгедектер туралы" заң жобасы оларды кемсіту, алалау сипатындағы жоба болмақ. "Менің пікірімше, мүгедектер туралы заң адамдарды мүмкіндігінің шектелу белгісіне қарай кемсітушілікке, алалауға көбірек ұшырататынға ұқсайды",- деді ол бүгін, 8-сәуірде Астанада өткен баспасөз мәслихатында.

"Мүгедек - мүмкіндігі шектелген адам деу дұрыс емес". "Мүгедекті толыққанды адам ретінде қоғам өміріне атсалысуға мүмкіндік бермей, салыстырмалы түрде шектеп отырған сол қоғам мен мемлекеттің өзі",- дейді ол. Б.Байқадамовтың пайымдауынша, ҚР "Мүгедектер туралы" заңы мүгедектердің басқа азаматтармен бірдей құқыққа ие болуына мүмкіндік беретін әлемдік озық заңнама үлгілеріне негізделуі тиіс. "Дүниежүзінде мүгедектер құқығы түрлі деңгейде қорғалған. Бірақ біз мүгедектерге жәрдемақы берумен ғана шектелмей, оның басқа адамдардан ешбір айырмашылықсыз, қоғамға бірдей интеграциялануына, толыққанды жұмыс істеп, мемлекет тарапынан берілген мүмкіндіктерді толыққанды пайдалануға мүмкіндік беретін үлгіні бағдарға аламыз. Біз мүгедектің басқа кез-келген адаммен бірдей құқыққа ие болуын қалар едік",- деді ол.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін