Мәжілісте соңғы 23 жылда қазақ тілінде бірде-бір заң жазылмаған - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжілісте соңғы 23 жылда қазақ тілінде бірде-бір заң жазылмаған

Мәжілісте соңғы 23 жылда қазақ тілінде бірде-бір заң жазылмаған

Парламентте соңғы қоңырау соғылды. Бүгін Сенат пен Мәжіліс жазғы каникул алдында бірлесіп, соңғы рет бас қосты. Үшінші сессия жұмысын қорытындылаған халық қалаулылары демалыс алдында Үкімет мүшелеріне бір қатар ескерту жасап тарқады. Депутаттар әсіресе 23 жыл бойы елімізде заңның барлығы тек торыс тілінде жазылып келгенін, шенеуніктер шетелдің заңын айнытпай көшіріп алудан басқа қолдарынан түк келмейтінін айтып қынжылды.  Соның кесірінен 5-ші шақырылымның қарауына түскен 50-ге жуық заң қабылданбай, кері қайтарылыпты.

  • 1 Шiлде 2014
  • 267
Фото - Caravan.kz

Бүгін депутаттардың көңіл-күйі ерекше көтеріңкі. Ханымдары кіре берісте қыз күніндегідей қол ұстасып қуанса, мырзалар қонаққа келген министрлерді қолпаштап жүр. Халық қалаулыларының балаша қуануына себеп бар. Өйткені бүгін Парламенттің қос палатасының соңғы жиыны, яғни ертеңнен бастап депутаттар жазғы демалыста.

-Мәжілістен дауыс бермеген біреу, сонымен күн тәртібі бекітілді.

5-ші шақырылым депутаттарының қарауына 267 заң түсіпті. Алайда оның елуге жуығы талапқа сай болмай, Үкіметке кері қайтарған. Әсіресе біздің министрлер шет мемлекеттердің дайын заңын сол күйде көшіріп алуға ұста екен. Сондай-ақ, халық қалаулылары шенеуніктердің осы күнге дейін қазақ тілінде бір заң жазуға шамасы келмеген шетінен қабілетсіз екендерін де бетіне басты.

Қабиболла Жақыпов, ҚР Мәжіліс төрағасы:

-Тәуелсіздік жылдарында 2 жырым мыңға жуық заң қабылдапты. Бірақ Үкімет 23 жылдың ішінде бірде-бір заң жобасын мемлекеттік тілде әзірлемеген. Ал, депутаттар қазақ тілінде тек екі заңның бастамашысы болған.

Мәжілісмендер жолдаған сауалдарына жүрдім-бардым қараған министрлерге де базыналарын айтты. Осы аралықта Парламент палаталарынан жауапты шенеуніктерге 444 сұрау жолдаған екен. Алайда, берілген жауап шала деп шағымданды депутаттар.


Азат Перуашев, Мәжіліс депутаты:

Үкімет біздің ұсынысымызбен келіспей жатыр. Оның орнына басқа ұсыныс жасалмай жатыр. Мен осыны түсінбей жатырмын. Біз саяжайдағылардың құқықығын жеке үй иелерімен теңестіруді сұраған едік.

Енді министрлердің бұл ескертулерді түзетуге екі ай уақыттары бар. Жалпы, үшінші сессияда Парламент арақ-шарапты сату уақытын шектеу, ауқаттыларға салықты көтеру, жұрттың қолындағы қару-жарақты жаппай сатып алу туралы жаңа заң жобаларымен есте қалды деуге болады.

Сайланған ҚР Парламентінің 3-сессиясы жабық деп жариялаймын!

Енді депутаттар алдымен өздерін сайлаған өңірлерге барып халықтың мұң-мұқтажына қанығып қайтуы тиіс. Содан соң шетел асып теңіз жағасында демалмақ. Ал Есілдің сол жағалауына тура екі айдан соң,яғни қыркүйектің бірінде оралады.