Әділет вице-министрі Зәуреш Баймолдинаның айтуынша, аталған заң жобасы халықаралық төрелік және аралық соттардың қызметін реттейтін заң актілерін топтастыруға бағытталады. Осылайша, төрелік соттардың әртүрлігін реттеудің бірыңғай құқықтық тетігі қамтамасыз етілмек. Вице-министрдің сөзіне қарағанда, бұндай шара сот жүйесін нығайту процесіне оң әсер ететін болады.
«Жалпы алғанда, заң жобасы ұлттық заңнаманы төрелік сот қызметі саласындағы ЮНСИТРАЛ халықарлық саудалық төрелік соты туралы типтік заңына, шетелдік төрелік соттардың шешімдерін мойындау және орындау туралы Нью-Йорк конвенциясына және сыртқы саудадағы төрелік сот туралы Еуропа конвенциясымен сәйкестендіруге бағытталады. Бұдан бөлек, біріншіден, біз заң жобасында төрелік соттың қарауына барлық мүліктік дау-дамайлар жатқызылады. Оның ішіне тек кәмелеттік жасқа толмағандардың, сотпен іске қабілетсіз немесе шектеулі қабілетсіз деп танылған тұлғалардың мүдделері бар істер, сонымен қатар жеке мүліктік емес даулар қаралмайды», — деп атап өтті вице-министр.
Оның сөзіне қарағанда, заң жобасы қабылданса, қолданыстағы «Халықаралық төрелік сот туралы» және «Аралық сот туралы» заң жобалары күшін жояды.