Мәжілісте үш үкімет мүшесінің баяндамасы тыңдалады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжілісте үш үкімет мүшесінің баяндамасы тыңдалады

Мәжілісте үш үкімет мүшесінің баяндамасы тыңдалады

11-маусым, сәрсенбіде парламент мәжілісінің вице-спикері Мұхамбет Көпейдің төрағалық етуімен мәжілістіің кезекті пленарлық отырысы өтіп, онда үш үкімет мүшесінің баяндамасы тыңдалады ,- деп хабарлайды мәжілістің баспасөз қызметі.

  • 9 Маусым 2003
  • 724
Фото - Caravan.kz

Атап айтсақ, ҚР қорғаныс министрі Мұхтар Алтынбаев мәжіліске «Еуропадағы қарапайым қарулы күштер туралы Келісім шартын бейімдеу туралы Келісімді бекіту» жөніндегі заң жобасын таныстырса, ҚР көлік және коммуникация министрі Қажымұрат Нағманов «Халықаралық автокөлік тасымалы туралы Қазақстан мен Чехия арасындағы үкіметаралық Келісімді бекіту туралы», ал ҚР мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед «Египеттің ислам мәдениеті жөніндегі «Нұр-Мүбарак» университеті туралы Қазақстан мен Египет арасындағы үкіметаралық Келісімді бекіту туралы » заң жобаларын ортаға салады деп күтілуде.

Аталмыш заң жобалары бойынша мәжіліс депутаттары арасынан Серік Әбдірахманов, Ерлан Нигматуллин, Мария Жүйріктаева, Жекен Қалиұлы мен Уәлихан Қалижанұлы баяндама жасайды.
Сондай-ақ, бұл күні мәжіліс депутаттары «Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымының Хартиясын бекіту туралы» және «Каспий теңізінің табанын бөлісу туралы Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы үкіметаралық Келісім туралы » заң жобалары бойынша ҚР сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Әбусеитовтың баяндамасын тыңдап сарапқа салуды жоспарлап отыр.
Сонымен бірге мәжілістің пленарлық отырысында » Кәсіби міндетін атқару барысында денсаулығы мен өміріне қатер төндіргендігі үшін жұмыс берушінің қызметкер алдында жүктейтін жауапкершілігін міндетті түрде сақтандыру туралы», «ҚР Азаматтық Кодексіне (Негізгі бөлім) толықтырулар енгізу туралы «, «Сауда-саттық іс-қызметін реттеу туралы», «Бас бостандығынан айрылған азаматтарды одан әрі жазасын жүктеу үшін босатып беру туралы Қазақстан және Түрікменстан Республикалары арасындағы Келісімді бекіту туралы» үкіметтік заң жобалары мен Бюджеттік Кодестің жобасына қатысты қорытындыларды дайындау мерзіміне байланысты мәжілістің профильдік комитеттерінің баяндамалары қаралады деп күтілуде.
Аталмыш мәселелер бойынша мәжіліс комитеттерінің төрағалары Зәуре Қадырова, Иван Чиркалин, Шәріп Омаров пен Қаратай Тұрысов мырзалар сөз сөйлейді.

Соңғы жаңалықтар