Жарияланды: 470

Мәжілістің аграрлық комитеті Елбасының Жер Кодексіне қатысты қарсылығымен келісті

Мәжілістің аграрлық мәселелер жөніндегі комитеті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жер Кодексінің жекелеген баптарына қатысты қарсылықтарымен толықтай келісті,- деп хабарлайды мәжілістің баспасөз қызметі.

Президент пен үкімет өкілдерінің қатысуымен өткен кеңейтілген отырыста мәжілістің профильдік комитеті осындай қорытынды жасады. Комитет мәжілістің ертең, 18-маусымда өтетін жалпы отырысында Елбасының Жер Кодексіне қатысты қарсылықтарын барлық 9 позиция бойынша қабылдау туралы палатаға ұсыныс жасамақ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін