Медициналық пойыздар Қазақстанның шалғай станциялардағы тұрғындарына көмек көрсетеді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Медициналық пойыздар Қазақстанның шалғай станциялардағы  тұрғындарына көмек көрсетеді

Медициналық пойыздар Қазақстанның шалғай станциялардағы тұрғындарына көмек көрсетеді

2018 жылдың 3 қыркүйегінде Қарағанды және Алматы-2 бекетінен «Денсаулық» және «Саламатты Қазақстан» медициналық пойыздары жүрді. Үш ай бойы пойыздар еліміздің шалғайдағы теміржол бекеттерінде тоқтап, елді-мекен тұрғындарына медициналық көмек көрсетеді.

  • 4 Қыркүйек 2018
  • 16
Фото - Caravan.kz

Пойыздардың медициналық бригада құрамына терапевт, педиатр, невропатолог, окулист, ЛОР, гинеколог, хирург, уролог, маммолог, стоматолог сияқты білікті дәрігерлер кіреді.

Пойыз заманауи диагностикалық құралдармен жабдықталған, оның ішінде компьютерлік спирометрлік жүйемен, эхоэнцефалографпен, диагностикалық жүктеме сынақтарын жүргізу үшін кардиологиялық мониторинг жүйесімен, сондай-ақ рентген, стоматологиялық, ЛОР және офтальмологиялық жабдықтардың соңғы үлгілерімен қамтамасыз етілген. 

2018 жылы «Денсаулық» пойызы Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан және Алматы облыстары бойынша, барлығы 82 бекетке тоқтайды. «Саламатты Қазақстан» пойызымен Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды және Қостанай облыстарының шалғайдағы 57 станцияның тұрғындарын қамту жоспарланып отыр.

Станциялардың тұрғындары жоғары білікті медициналық көмек, соның ішінде шағын хирургиялық операциялар, сондай-ақ жоғары сапалы стоматологиялық көмек ала алады.


Естеріңізге сала кетсек, «Медициналық пойыздар» жобасы алғаш рет 2010 жылы іске қосылған болатын. Осы уақыт ішінде консультациялық-диагностикалық пойыздардан еліміздің барлық облыстарынан 1326 станция тұрғындары тексеруден өтті. Мамандар 379 000 қазақстандықты тексерістен өткізді, оның 83 806 балалар. Дәрігерлік қабылдаулардың жалпы саны шамамен 2,5 млн құрады.

Жоба «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы атынан «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметті жобаларды дамыту қоры және ҚР Денсаулық министрлігімен, сонымен қатар, «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ-ның
«Әлеуметтік жобалар» Корпоративтік қорымен жүзеге асырылады.

Поездар кестесін сілтеме бойынша жүктеуге болады.

Соңғы жаңалықтар